Басты

Карантин режимі аяқталғанға дейін Қапшағай жабық болады

Қапшағай курорты карантин режимі аяқталғанға дейін жабылады, – деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Санитарлық-курорттық нысандардың, демалыс үйлерінің, демалыс орындарының жұмысы 25 шілдеден 2 тамызға дейін тоқтатылсын. Демалыс орталығына кіреберіс жерде мобильді бекеттер орнатылсын», – делінген Алматы облысы санитар дәрігерінің міндетін атқарушысының қаулысында.

Сонымен қатар, кеше, 22 шілдеде Көлсай көлдері карантин режимі аяқталғанға дейін жабылатыны хабарланған. Одан бөлек, карантин режимі аяқталғанға дейін ұлттық парктерге, танымал туристік нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан) кіруге тыйым салынған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button