Басты

America’s Got Talent: Данэлия Тулешова үшінші турда өнер көрсетті

Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуының үшінші турында өнер көрсетті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Бұл жолы дарынды қыз Гарри Стайлстың Sign of the Times әнін орындады.

Жас өнерпаз Instagram-дағы парақшасында дауыс беру жүріп жатқандығын хабарлады. Дегенмен дауыс беру тек АҚШ аумағында қолжетімді.

America’s Got Talent шоуының 15-маусымында әділқазы алқасына жоба негізін қалаушысы әрі продюсері Саймон Коуэлл, актриса София Вергара, сән әлемінің жұлдызы Хайди Клум мен әзілкеш Хоуи Мэндел енген.

Ал жүргізушісі – Терри Крюс. Танымал шоудың 15-маусымы 26 мамырда NBC телеарнасында басталды, ал 29 мамырдан бастап Netflix UK көрсетуде.

Данэлия жобаның алғашқы турында канадалық әнші Faouzia-ның Tears of Gold әнін орындаған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button