ӘлемБасты

Қытай кедейлікті толық жеңді

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин соңғы сегіз жылда елде кедейлікпен күреске шамамен 246 миллиард доллар инвестиция құйылғанын атап өтті, деп хабарлайды Tass агенттігі.

Қытай кедейлікпен күресте жеңіске жетті. Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин елдің кедейлікті жоюдағы жетістіктеріне арналған жиналыста мәлімдеді.

«Қытай Коммунистік партиясы мен қытай халқының күш – жігерінің арқасында еліміз  кедейлікті толық жеңді», – дейді Си Цзиньпин.

Си Цзиньпин атап өткендей, 98,99 миллион ауыл тұрғыны кедейліктің ең төменгі көрсеткішіне жеткен. 832 уез бен 128 мың ауыл кедей аудандар қатарынан шығарылды.

Өткен жылдың мамыр айында ҚХР билігі Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының (жоғары заң шығарушы орган) 3-ші сессиясының ашылуында 2020 жылы Қытай «кедейлікпен қарқынды күресте шешуші жеңіске жетуге және орташа өмір сүру қоғамын құру міндеттерін толық орындауға ниетті» екенін мәлімдеді.

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, соңғы 40 жыл ішінде Қытай 850 миллионнан астам адамның күнкөріс деңгейін көтерген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button