Басты

Қазақстанда Zoom интернет-алаңының баламасы жасала ма

Қазақстанда оқушыларды онлайн режимде оқыту үшін Zoom интернет-алаңының баламасы жасала ма? Бұл сұраққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді.

«Жалпы бұл бағытта менің ұстанымым мынадай: мемлекеттің есебінен интернет-алаң болсын, басқа да платформа болсын құруға қарсымын. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл істің арты жақсы болмайды», – деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Білім және ғылым министрі отандық білім беру жүйесінде Ұлттық білім беру дерек қоры барын жеткізді. Оның ішінде жеке мәліметтер бар.

«Бұл – басты әрі мемлекеттік база. Ол кезінде құрылған. Соны пайдаланып, дамытамыз. Kundelik, Daryn online, Bilimland секілді көптеген жүйені мемлекеттік жүйемен ауыстырудың меніңше қажеттігі жоқ. Мен нарыққа көбірек сенемін. Бәсекелестік болуы керек», – деді Асхат Аймағамбетов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button