EducationБасты

Қарағанды облысының оқушылары оқулықтармен толық қамтамасыз етілді

2020 жылы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді (бұдан әрі – ОӘК) сатып алуға 2,4 миллиардтан астам теңге бөлінді. Бұл қажеттіліктің 100 пайызын құрайды.

Қаражат келесі оқулықтарды сатып алуға жұмсалды: 11-сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтар, 5, 6-сыныптарға арналған информатика, үштілділікке арналған оқулықтар, арнайы мектептер үшін 3, 6, 8 – сыныптарға арналған оқулықтар, электронды оқулықтар мен көркем әдебиеттер, тозған деңгейіне сәйкес 1-сыныпқа және басқа сыныптарға арналған оқулықтар.

2020 жылдың 25 тамызында оқулықтарды баспалардан облысқа жеткізу процесі аяқталды.

Бүгінгі күні облыстық білім басқармасы мен бөлімдері 1-11 сыныптардың әр оқушысын 100% қамтамасыз ету үшін оқулықтар жиынтығын жеткілікті мөлшерде сатып алды.

20 шілдеден бастап оқулық тарату процесі облыстық білім басқармасы бекіткен кестеге сәйкес жүргізілді.

Таратылым толық көлемде жүзеге асырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button