
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.