
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асан Көбентайұлы Дарбаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.
1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Warwick университетін (Ұлыбритания) бітірген.
2005 жылдан 2006 жылға дейін Қаржы министрлігі құрылымында жетекші маман болып жұмыс істеді.
2006–2009 жылдары — монополияға қарсы құрылымдардағы аумақтық бөлімшелерде бас маман.
2009-2010 жылдары — «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ және «KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақ қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінде менеджер.
2013–2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті директорының орынбасарынан басқарма басшысына дейінгі лауазымды қызмет атқарды.
2015–2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы.