Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Атап өтілгендей, Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды.
«Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді», – деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.