PoliticsБасты

Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 303 қаулысына сәйкес «10 тамыз – Абай күні» болып, Қазақстан Республикасының мерекелік күндер тізбесіне кірген.

Дәл осы күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішінің алдына қала қонақтары мен зиялы қауым өкілдері жиналып, ұлт перзентіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

Абай күні мерекесіне орай жыл сайын қаламызда түрлі рухани-тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз» деп бағамдаған болатын.

Тұтас түркі-мұсылман жұртын талантымен тамсандырып, төрткүл дүниедегі алыбымызға айналған ақын бабамыздың рухына гүл шоқтарын қою рәсіміне, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары,                   мемлекеттік мекеме басшылары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button