EducationБасты

Румынияда білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективалары талқыланды

 Елші Нұрбах Рүстемов Румынияның Білім және ғылым министрі Моника-Кристина Анисимен кездесті. Кездесу барысында тараптар білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz  СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық дипломат біздің студенттердің румын университеттерінде оқуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты, тараптар шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге, атап айтқанда, алдағы үкіметаралық комиссияның отырысы шеңберінде өзара негізде жыл сайын қосымша гранттар бөлу мәселесін қараcтыруға, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары арасында байланыстар орнатуды көтермелеуге уағдаласты.

Сонымен қатар, өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында румын тарапы жақын арада Қазақстан мен Румыния Білім министрлері арасында бейнеконференц байланыс форматында кездесу өткізуге қызығушылық білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button