Басты

Ауруханаларда неліктен фото мен видео түсіруге тыйым салынады

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ауруханаларда фото мен видео түсіруге недіктен тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Қазіргі уақытта бас санитарлық дәрігердің бұйрығымен, лас жерде жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне ұялы телефондар, сағаттар және әшекей бұйымдарын пайдалануға тыйым салынады.

Ал науқастарға ұялы телефондарды пайдалануға рұқсат етілген. Алайда ауруханада фото мен видео түсіруге тыйым салынған.

«Пандемия кезінде ауруханалардан түсірілген бейне жазбалар жиі таратылуда. Онда пациенттер де бар. Өкінішке орай, бейнелер көбінесе олардың рұқсатынсыз түсірілген. Осылайша, әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғу құқығы бұзылады. Сонымен қатар, видеожазбалар медицина қызметкерлеріне қысым жасау құралы ретінде қолданылуда. Хаттамаға сәйкес емделуге келіспейтін пациенттер дәрігерлер мен медбикелерге дәл осы бейнежазбалар арқылы қысым жасайды», — дейді Есмағамбетова.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, науқастар туыстарымен байланыста болу үшін ұялы телефонды қолдана алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button