TechБасты

«Siri» мен «Alexa» қазақша сөйлей бастайды

Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының ғалымдары сөз тану және сөз синтезі технологияларын қазақ тілінде қолдану үшін қазақ тіліндегі дауыстық деректерді жинауды бастады, деп жазады Egemen.kz

Сөз тану және сөз синтезі технологиялар «Siri», «Alexa» және «Cortana» сияқты танымал виртуалды ассистенттерде қолданылады. Жобаның мақсаты − болашақта осы деректер жиынтығын қазақ тілінде сөз тану және сөз синтезі технологиялық бағдарламалар мен қосымшаларды жасау үшін қолдану.

Бұл жобаға адамдардың қатысуы өте маңызды. Өйткені ғалымдар бұл жобаны іске асыру үшін халықтан дауыстық деректерді жинау қажет. Қатысу үшін сілтеме бойынша өтіп, нұсқаулықпен танысып, экранда көрсетілген сөйлемдерді қазақша дауыстап оқу жеткілікті.

Қазіргі уақытта халықтың дауыстық деректерін белсенді жинауы жүргізілуде. Әр адам бірнеше рет қайтып кіре алады. Неғұрлым көп адам қатысса, соғұрлым ғалымдар тез жаңа бағдарламаларды әзірлей алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button