«Шығыс Салбұрыны – 2024: Құсбегілер сайысының жарқын қорытындысы»

Құсбегілік өнері қазақ халқының ғасырлардан бері сақталып келе жатқан ұлттық дәстүрі болып табылады. Бүгінде бұл өнер ұлттық спорт ретінде қайта жаңғырып, үлкен жарыстарға жол ашуда. Биылғы жылы «Шығыс Салбұрыны» халықаралық турнирі екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбе» алаңында өткен бұл бәсекеде, сайыскерлер өздерінің бапталған құстарымен өнер көрсетті. Жарысқа қатысқан бүркітшілер саны 67, қаршыға шеберлері 13, ал ителгі шеберлері 23 болды.
Бұл халықаралық турнирде 5 мемлекет қатысып, үздіктер өзара сайысқа түсті.
- Ресей,
- Моңғолия,
- Қырғызстан,
- Мажарстан,
- Қытай.
Сондай-ақ, еліміздің 12 өңірінен 100-ден астам қатысушы жарысқа қосылды. Бүркітпен өнер көрсеткен 67 спортшы, қаршыға салған 13 адам және ителгі баптаған 23 саятшы турнир көркін қыздырды.
Екі күнге созылған бұл шараға 5000-нан аса көрермен келіп, 30-ға жуық киіз үй тігілді.
Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Финалдық кезеңді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Беделбайұлы тамашалап, үздіктерді құттықтады.
Бүркіт құсы бойынша:
1.Ерғазыұлы Сәлімхан (Жетісу облысы)
2.Күнтуган Серікбек (Астана қаласы)
3.Кенжетаев Ерлан (Ақмола облысы)
3.Бердымурат Олжас (Алматы облысы)
Қаршыға құсы бойынша:
1.Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)
2.Бәйетбай Ермухан (Алматы облысы)
3.Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
3.Жанбырбек Бердияр (Жамбыл облысы)
Ителгі құсы бойынша:
1.Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)
2.Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)
3.Төлегенұлы Темірлі
3.Иманзайып Ермек (Павлодар облысы)
Жарыс барысында қазақтың құсбегілік өнерін әлемге танытып жүрген Айшолпан Нұрғайыпқа ерекше сый жасалды. Шығыстың жомарт азаматтары Өскемен қаласынан Айшолпанға баспана сыйлады. Пәтердің кілтін облыс әкімі Ермек Беделбайұлы өз қолымен табыстады.
Бұл шараның ұйымдастырылуына және жоғары деңгейде өтуіне бірқатар ұйымдар қолдау көрсетті:
- «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ – Бас серіктес,
- ҚР Туризм және спорт министрлігі,
- «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ,
- «Құсбегілік» Федерациясы РҚБ.