Басты

Қазақстан 2021 жылы ЕАЭО органдарында төраға болады

Бұл туралы бүгін бейнеконференцбайланыс режимінде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары уағдаласты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде төрағалық етуді ротациялық негізде әліпбилік тәртіппен бір мүше мемлекет күнтізбелік бір жыл ішінде жүзеге асырады.

2020 жылы Беларусь Республикасы ЕАЭО органдарының төрағасы болды.

«Біз ЕАЭО құқығында бекітілген негіз қалаушы мақсаттар мен қағидаттарға қол жеткізу бойынша жүйелі және дәйекті жұмысты көздеп отырмыз. Оларды іске асыру орнықты экономикалық дамуды, жан-жақты жаңғыртуды қамтамасыз етуге және мүше мемлекеттеріміз азаматтарының әл – ауқатын арттыруға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, Сұлтанов «Қазақстан, бұрынғыдай, интеграция тек экономикалық орындылыққа негізделуі тиіс деген ұстанымды ұстанады және интеграциялық процестердің басты қозғаушы күші қатысушы елдердің экономикалық мүдделері болуы тиіс» деп атап өтті.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейнеконференция режиміндегі отырысы бүгін 2020 жылғы 11 желтоқсанда өтті.

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының пысықталған жобасын бекітті және Өзбекстан мен Кубаға ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін берді. Күн тәртібінде барлығы 28 мәселе болды.

Бұл туралы бүгін бейнеконференцбайланыс режимінде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары уағдаласты.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде төрағалық етуді ротациялық негізде әліпбилік тәртіппен бір мүше мемлекет күнтізбелік бір жыл ішінде жүзеге асырады.

2020 жылы Беларусь Республикасы ЕАЭО органдарының төрағасы болды.

«Біз ЕАЭО құқығында бекітілген негіз қалаушы мақсаттар мен қағидаттарға қол жеткізу бойынша жүйелі және дәйекті жұмысты көздеп отырмыз. Оларды іске асыру орнықты экономикалық дамуды, жан-жақты жаңғыртуды қамтамасыз етуге және мүше мемлекеттеріміз азаматтарының әл – ауқатын арттыруға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, Сұлтанов «Қазақстан, бұрынғыдай, интеграция тек экономикалық орындылыққа негізделуі тиіс деген ұстанымды ұстанады және интеграциялық процестердің басты қозғаушы күші қатысушы елдердің экономикалық мүдделері болуы тиіс» деп атап өтті.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейнеконференция режиміндегі отырысы бүгін 2020 жылғы 11 желтоқсанда өтті.

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының пысықталған жобасын бекітті және Өзбекстан мен Кубаға ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін берді. Күн тәртібінде барлығы 28 мәселе болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button