PoliticsБасты

Сенат төрағасы Ресей елшісімен кездесті

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқыланды. Сенат төрағасы парламентаралық диалог Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.

«Екіжақты қарым-қатынастарда өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының шамамен 70 проценті өңіраралық және шекара маңы саудасына тиесілі. Біздің мемлекеттеріміздің басшылары шекара маңындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударып отыр. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумдары өткізіліп келеді. Біздің сенаторларымыздың басым бөлігі белгілі бір аймақтардан сайланған. Сондықтан сенаторлар екі ел Президенттерінің барлық бастамаларын қолдайды әрі жүзеге асыруға белсене қатысып келеді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуынша, елдер арасындағы қарым-қатынас ғылыми-білім беру, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда табысты дамып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button