Басты

Қазақстанда цифрлық хабар тарату жағдайы қандай

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды енгізу жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды енгізу жалғасуда. Онымен Қазақстан халқының 84 пайыздан астамы қамтылған. Аналогты телеарна Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында толықтай ажыратылды», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.

Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылдың соңына дейін цифрлық эфирлік телеарнаға Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласы көшеді.

«Министрлік тарапынан радиохабар таратуды дамыту тұжырымдамасы тұрғысында жұмыс басталды. Онда жабдықтарды жаңарту, сондай-ақ радиохабар желесін кеңейту қадамдары ескеріледі. Әсіресе, еліміздің шекараға шектес аудандарында радиохабар желесімен қамтуға екпін қойылады», – деді А. Балаева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button