SocialБасты

«Жомарт» шахтасындағы апат: Қайтыс болған жеті жұмысшының денелері жоғарыға көтерілді

2025 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде шахтада тау массасының құлауы орын алды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС алты жұмыскерінің денесін, ал таңға жақын жетінші қызметкердің денесін тапты.

«Қайтыс болған жеті жұмысшылардың денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды» – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button