Social

Абай облысының әкімі Көкпекті ауданы тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй, тіл саясаты және жол инфрақұрылымына қатысты мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Көкпекті ауылының тұрғыны Гүлмира Айдарғазина тұрғын үй мәселесін шешуге көмек көрсетуді сұрады. Оның жалғыз баспанасы апатты деп танылған. Қоғам белсендісі Қайдар Чайзаданов мемлекеттік тілдің мәртебесі мен «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автожолындағы жолаушылар қауіпсіздігін арттыруға қатысты сауал қойды.

Облыс әкімі Берік Уәли қабылдауда көтерілген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын, заң аясында шешілетінін атап өтіп, аудан әкімі мен тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берді.

Аймақ басшысының азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауының алдында басқарма басшылары аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button