Politics

Парижде әлемдік және отандық ғалымдардың бірлескен ғылыми жарияланымдары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді

Шетелдік жол мамандары отандық сарапшылармен бірлесе отырып автомобиль жолдарының жай-күйін жақсарту және жол құрылысы үшін жаңа технологияларды әзірлеу мәселелері бойынша мақалаларды бейінді қазақстандық ғылыми басылымда жариялайтын болады, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Мұндай келісімге Парижде қол жеткізілді. Естеріңізге сала кетейік, қазір PIARC Дүниежүзілік автомобиль жолдары қауымдастығының техникалық комитеттерінің отырыстары өтіп жатыр.

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының өкілдері мекеменің 65 жылдық мерейтойына арналған «ҚазжолҒЗИ хабаршысы» журналының арнайы шығарылымын дайындағаны туралы мәлім етті. Сонымен бірге PIARС мүшелері мен халықаралық сарапшыларды өздерінің ғылыми зерттеулерін ұсынуға шақырды.

Аталған мүмкіндікті отандық сарапшылар да пайдалана алады. Қатысу үшін материалдарды vestnik@qazjolgzi.kz электрондық поштасына 2024 жылғы 1 наурызға дейін жіберу қажет. Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар ғылыми-зерттеу институтының qazjolgzi.kz ресми сайтында орналастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button