PoliticsӘлемБасты

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеүндеу жасайды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейне үндеу жасайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді.

Жиынның тікелей көрсетілімін БҰҰ-ның http://webtv.un.org веб-сайтынан көруге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button