Басты
Тоқетері. Армениядан әкелінген көлікке салық
Армения мен Қазақстан машинаның қай елде тіркеуде тұрғанын бірге тексереді.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Армениядан әкелінген көліктерге салық салу тәртібі туралы ақпарат таратты.
- Машина Армения Республикасының сәйкесінше органдарынан тіркеуден шыққан болуы керек. Әйтпесе машинаға салықты Қазақстан да, Армения да салуы мүмкін.
- Егер машина елге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелініп, Қазақстан резидентінің атына рәсімделіп, Ішкі істер органдарында тіркелген болса, онда ол машинаға тек Қазақстан жағы ғана салық салады. Армениямен осындай келісім жасалған.
- Армения мен Қазақстан машинаның қай елде тіркеуде тұрғанын бірге тексереді.
- Қазақстан тарапы машина ел ішінде рәсімделген кезден бастап салық салады. Мысал. Егер машина 2020 жылдың 1 қарашасында тіркеуге қойылса, сол жылдың қарашасы мен желтоқсан айлары үшін салықты – 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеу керек.
- Салық бекітілген мерзімде төленбеген жағдайда, өсімпұл күн сайын арта береді.