Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 14 сәуір кешімен салыстырғанда 1,31 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 429,67 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 15 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 430,99 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 431,16 теңге, сатып алу – 429,66 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 429,95 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 428, 77 теңге.
Айта кетейік, кеше АҚШ доллары 2,47 теңгеге дейін құлдырап, 1 доллар үшін 431,11 теңгені құраған.