Agro

Сенатта ауылшаруашылығын сақтандыру мен егілетін дақылдарды түрлендірудің маңыздылығы талқыланды

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесті. Онда ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігін түрлендіру және агроқұрылымдарды сақтандыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Комитет төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы болып табылатын Қазақстан агроиндустриялық ел болып табылады. Еліміздің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығының маңызды және айқындаушы саласы аграрлық сектордың даму деңгейі екені ақиқат. Сондықтан агроқұрылымдарды сақтандыру тақырыбына ерекше назар аударылып отыр.

«Еліміздің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажеттігі және ауыл шаруашылығының әлеуметтік маңызы зор екендігі, оның табиғи-климаттық және басқа да бірқатар сыртқы факторларға тікелей байланысты болуы экономиканың аграрлық секторын мемлекеттік қолдауды талап етеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген елдерде саланы қолдау түрлі мүмкіндіктер арқылы жүзеге асады. Олардың арасында сақтандыру маңызды орын алады», – деп атап өтті Әли Бектаев.

Кездесуге ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, Аграрлық несие корпорациясы мен агроқұрылымдар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді түрлендіру және агроқұрылым мәселелерін талқылау қорытындысы бойынша депутаттар Үкіметке жіберу үшін бірқатар ұсынымдар дайындады. Олардың қатарында ауыспалы егіс дағдысын сақтау және ауыл шаруашылығы алқаптарындағы дақылдарды өзгертіп отыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының егіс алқабын ұлғайту, агроөнеркәсіп кешеніндегі сақтандырылатын өнімдердің тізбесін кеңейту және т.б. мәселелер бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button