AgroБасты

Биыл еліміздің аграрлық сала ғалымдары 70-тен астам семинар өткізеді

«Ұлттық-аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ ғылыми институттарының сарапшылары биыл фермерлерге 72 семинар мен 92 кеңес өткізеді.  

Бұл қызметтер «Білім және ғылыми зерттеулер қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасын іске асыру аясында тегін көрсетіледі.

Семинарлар республиканың әр өңіріндегі жетекші шаруа қожалықтары базасында ұйымдастырылмақ. Семинарлар кестесін www.agrobilim.kz сайтынан көруге болады. Онда семинар өтетін орны, күні, спикерлер туралы толық ақпарат бар. 

Мәселен, мамыр айында сүтті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, аквамәдениет және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу, дәнді дақылдар, майлы дәнді дақылдар, бұршақ дақылдарын өсіру, су үнемдеу технологияларын енгізу бағыттары бойынша семинарлар жоспарланған.

«Мал сүтін өңдеу технологиясы» тақырыбындағы алғашқы семинар 19-мамыр күні Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы «LF Company» ЖШС алаңында өтеді. Іс-шара спикері – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу институтының  биология ғылымдарының докторы, профессор Әсия Серікбаева. Қатысамын деушілерге есігіміз ашық. 

 Анықтама:

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ – Қазақстан аграрлық саласындағы ғылыми-білім беру мекемелерінің мемлекет және бизнеспен тұрақты өзара әрекеттесуінің бірыңғай операторы. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының құрылымында аграрлық жоғары оқу орындары, ауыл шаруашылығының барлық бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу институттары сынды 40-қа жуық еншілес компания бар. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button