Басты

Apple АҚШ-та тәртіпсіздік кезінде дүкендерден ұрланған смартфондарды бақылап жатыр

Аpple компаниясының өкілдері АҚШ-та жаппай тәртіпсіздік кезінде компания дүкендерінен ұрланған смартфондарды анықтап, бұғаттап жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz

CNN телеарнасының мәліметінше, Apple өкілдері ұрланған телефон иелеріне жазған хабарламалар әлеуметтік желілерде және түрлі сайттарда тарай бастаған. Онда компания пайдаланушының телефоны бұғатталатыны және бақылауда екенін жазған. Және тіркелген мекенжай бойынша дүкенге қайтаруды сұрайды.

«Құрылғы сөндіріліп, бақылауға алынды. Жергілікті биліктегілерге хабарланады», – деп келтіреді телеарна компания жіберетін хабарламаны.

Басқа жаңалықтар

Back to top button