AgroБасты

Тұқымға субсидия беру ережелері өзгертілді – ҚР АШМ

Қостанай қаласында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрмановтың қатысуымен егіс науқанына дайындық барысы туралы кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңес барысында егіс науқанының жоспары, тұқым сапасы мен ауыл шаруашылығы техникасын дайындығы және отын қоры талқыланды. Сондай-ақ ҚР АШМ өкілдері тұқым шаруашылығын қолдау және тұқым тазалайтын техниканы сатып алу үшін инвестициялық субсидиялау ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы мәлім етті. Рүстем Құрмановтың айтуынша, егер бұрын фермерлерге тек импорттық тұқым тазалайтын техниканы сатып алуға ғана субсидия берілсе, енді отандық және украиналық, сондай-ақ ТМД елдерінің өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығындар да өтеледі.

«Шаруалардың өтініші бойынша тұқымға субсидия беру ережелері өзгертілді. Енді субсидияны Қазақстанда және шетелдік өндірушілерден тікелей сатып алған барлық шаруалар ала алады. Ескі ережеде бұл қарастырылмаған болатын. Аталмыш шара сапалы тұқымдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді», – деді ҚР АШМ вице-министрі.

Жиын барысында Рүстем Құрманов минералды тыңайтқыштарды қолдану мәселесіне тоқталды. 2020 жылы республика бойынша жергілікті бюджеттерде минералды тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялауға 23 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button