Қазгидромет»синоптиктері Нұр-Сұлтан мен Алматыда жарты жылда тіркелген ауа райы рекорды туралы айтты.
27 маусымда Нұр-Сұлтанда бір күнде түскен жауын-шашынның айлық мөлшері – 39 миллиметр болған. Әдетте елордада бұл көрсеткіш барлық айда 37 миллиметрден аспайды.
«Қазақстан Республикасы гидрометеорологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың жазының бірінші айында елордада 98 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл – үш айлық норма. 26 мамыр 2020 жылдың бірінші жартысындағы ең жылы күн болып (36,1 градус) саналады. 2001 жылы дәл осы күні термометр жолақтары 33,8 градусқа көтерілген болатын», – делінген хабарламада.
15 сәуір Алматы үшін соңғы алты айдағы ең жаңбырлы күн болды. Бұл күні бір тәулікте 39 миллиметр жаңбыр жауды.
4 маусымда Алматыда соңғы 125 жылда болмаған температуралық рекорд тіркелді. Осы күні ауа температурасы 34,5 градусқа дейін көтерілді. Бұл 1895 жылғы дәл осы күнмен салыстырғанда екі градусқа жоғары.