SocialБасты

Еурокомиссия Қазақстанның Азаматтық авиация саласын реформалаудағы күш-жігерін қолдайды

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Еурокомиссия делегациясымен кездесті. Кездесуге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Азат Бектұров, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры Каталин Раду, Бельгиядағы ҚР Елшілігінің қызметкерлері, EASA және ирландиялық авиациялық билік өкілдері қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

ЕО өкілдері Қазақстан Үкіметінің азаматтық авиация саласын дамытуға қызығушылық танытып, қатысуын ерекше атап өтті. Еурокомиссия мүшелері сондай-ақ Қазақстанның азаматтық авиация саласын реформалау жөніндегі күш-жігерін қолдайтынын айтып жеткізді.

Сонымен қатар, тараптар ұшу қауіпсіздігі бойынша еуропалық стандарттарды одан әрі енгізу үшін іске асырылуы тиіс техникалық мәселелерді талқылауды бастады.

Осыған байланысты Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті мен авиациялық әкімшілігі әуе көлігі саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Айта кетерлігі, бұл сапар Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің 2022 жылғы мамырда өтетін отырысының алдында ұйымдастырылған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button