Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мұғалімдер мен оқушыларға арнайы тарифтік жоспар шығару мәселесі пысықталып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.
«Ұялы байланыс операторлары мен мұғалімдер мен оқушыларға арналған тарифтік жоспар шығару мәселесі пысықталды. Бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз қоңырауларды, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі белгілеген білім беру отандық ресурстарына қолжетімділікті қарастырады», – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, бұл қашықтықтан оқытуға көшуге, сондай-ақ, еліміздің шалғай елді мекендерінде электрондық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.