AgroБасты

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егіс алқабының 85,7%-ы жиналды – АШМ

2021 жылдың 16 қыркүйегіндегі жағдай бойынша республикада 13,6 млн гектар жердегі дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Бұл жалпы жинау алаңының 85,7%-ын құрайды.

Орташа өнімділік гектарына 9,1 центнерден айналып, 12,5 млн тонна астық түсті.

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10,3 млн гектар (89%) егіс алқабы орылып, 8,6 млн тонна астық жиналды. Орташа өнімділік гектарына 8,4 центнерден айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button