EducationБасты

Қарағанды: НЗМ Виртуалды мектепке қабылдау жүргізеді

Қарағандының Назарбаев Зияткерлік мектебі жетінші сыныптарға оқуға түсуге алдағы конкурстық іріктеу үшін оқушыларды тегін дайындайды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыту виртуалды мектепте жүргізіледі. Ниет білдірушілер келесі сайтта тіркеле алады http://vs.nis.edu.kz/.

Тіркеу 5 қазанда басталып, 25 желтоқсанға дейін жалғасады. Алтыншы сынып оқушылары оқуға шақырылады.

Виртуалды мектепте оқыту бағдарламасына математика, тілдер – қазақ, орыс және ағылшын, қазақ және орыс әдебиеті бойынша сабақтар кіреді. Қазақ және орыс тілдерінде оқитын оқушыларға арналған курстар жеке ұйымдастырылады.

Оқушылар өткен материалды бекіту үшін тест тапсырмаларын орындайды. Виртуалды мектеп түлектері қорытынды тестілеуден өтеді.

Қосымша ақпаратты (8-7212) 55-88-80 телефоны арқылы алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button