BusinessБасты

Startup Bolashaq: Бизнес-идеялар жобасына қатысуға өтінім беру басталды

Startup Bolashaq атты қазақстандық бизнес-идеялар жобасына қатысуға өтінім беру басталды, оның жүлде қоры 100 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Elorda.info.

Байқауға Қазақстанның кез келген өңірінен инвестициялық қаржыландыруды талап ететін кез келген бизнес-жобалар жіберіледі. Бизнесті енді бастаған кәсіпкерлер де, тәжірибелі кәсіпкерлер де байқауға қатыса алады.

Startup Bolashaq байқауының бесінші маусымы халықаралық «Dragons’ Den» реалити-шоуының форматында өтеді.

Бұл маусымда тәлімгер ретінде Ерлан Исекешев, Мүрат Әбдрахманов, Арманжан Байтасов, Гаухар Қаппарова, Тимур Турлов, Динара Сәтжан, Бейбіт Әлібеков, Қаныш Төлеушин секілді кәсіпкерлер мен меценаттар қатысады.

Байқауға қатысуға өтінімді мына жерде толтыруға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button