PoliticsБасты

Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырған азаматтар наградталды

Президет Қасым-Жомарт Тоқаевың жарлығымен бірқатар азамат Қазақстан Республикасының азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғаны үшін наградталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қаулының толық мәтіні:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
Калетаев Дархан Аманұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
І дәрежелі «Айбын» орденімен
Қызыр Думан Манарбекұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі;
ІІ дәрежелі «Достық» орденімен
Қаражанова Макка Сағынғалиқызы – Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі, Украина
Маслюк Галина Дмитриевна – Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы құрметті консулы, Украина;
«Құрмет» орденімен
Әлібеков Аслан Аманжолұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі (консулдың міндетін атқарған);
 «Ерен еңбегі үшін» медалімен
Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы – Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі
Кагенов Азамат Мағжанұлы – Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің атташе – консулы
Маманов Дархан Серікұлы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы – консулы
Сәбитұлы Бекзат – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы  – консулы;
«Шапағат» медалімен
Амангелдин Руслан Берекеұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары
Денисенко Анна Владимировна – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі консулының көмекшісі
Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің екінші хатшысы
Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы – Қазақстан Республикасындағы волонтерлік корпустың жетекшісі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                                   Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 17 наурыз

                        № 837

Басқа жаңалықтар

Back to top button