Францияның Париж аймағында және елдің солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс департаменттерінде жаңа санитарлық шектеу күшіне енді. Бір жыл бұрын бүкіл Францияда күшіне енген өзін-өзі оқшаулау режимінен айырмашылығы – бұл жолы француздарға себебін түсіндірместен көшеге шығуға және үйден 10 шақырым қашықта жүруге рұқсат етіледі, бірақ топ болып көп адамның жиналуға қатаң тыйым салынады.
«Әлі күнге дейін мұндай режимге үйрену қиын. Еркіндік жеткіліксіз, достармен кездесуге мүмкіндік жоқ. Біз мұның бәрінен айырылғанбыз»,- дейді қала тұрғыны.
«Мен еш шағымданбаймын, өйткені менің жұмысым да, күйеуім де бар. Біздің өз үйіміз бар, балаларымыз бар, өмір жалғасуда. Үйлерінде қамалған париждіктер мен жалғыз тұратын студенттердегі жағдай бөлек мәселе», – дейді бір тұрғын.
Сенбіде Польшада үш апталық локдаун басталды. Тек ақпан айында бұл елдегі мұражайлар, кинотеатрлар мен қонақ үйлер жұмысын қайта бастады. Бірақ шектеу шараларын жеңілдету бір айдан аспады. Германия қазірдің өзінде Польшамен шекарадағы бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.
«Бұл шектеулер қанша уақытқа созылатынын көрейік. Егер бір-екі ай болса, жарайды. Бірақ бұл көп уақытқа созылса, мен білмеймін. Бұл мүлдем түсініксіз».
Украинада қатаң карантин шектеулерін Киев, Львов және Винница билігі енгізді. Өткен аптада бұл елде коронавирус жұқтырғындардар саны күрт өскен.