ҚР Президенті Жарлығымен Шарын шатқалында оқушыларды құтқару кезінде қаза тапқан мұғалімді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы «№ 199 мамандандырылған гимназия» КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын (марқұм)», делінген құжатта.