EducationБасты

50 мың қазақстандық тегін онлайн курстарда оқи алады

Осы жылдың соңына дейін 50 мың қазақстандық жаппай онлайн оқытудың «Coursera» жетекші алаңында әртүрлі дағды мен мамандық бойынша білім ала алады. Оқу ресурсы 4,4 мың курсқа тегін қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Coursera» халықаралық онлайн білім беру платформасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім аясында қазақстандықтарға IT, гуманитарлық ғылымдар, экономика, физика, медицина, кәсіпкерлік, маркетинг және тағы басқа бағыттар бойынша онлайн курстарға қолжетімділікті қамтамасыз етіп отыр.

Оқу ұзақтығы орта есеппен 6-10 аптаны құрайды және соңғы жобаны қорғау немесе емтихан тапсыру мүмкіндігі бар тапсырмалар мен апталық жаттығуларды қамтиды.

Курстар орыс және ағылшын тілдерінде өтеді және сабақ аяқталғаннан кейін қатысушылар оқуды растайтын сертификаттар алады.

Таңдалған бағыт бойынша оқуға қатысу үшін 2020 жылдың 15 қазанына дейін www.enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы өтініш беріп, 31 қазанға дейін www.coursera.org платформасында тіркеуді растау керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button