AgroБасты

Қазақстан мен Корея ҚазҰАУ-дің базасында «ақылды жылыжай» ашады

2021 жылы 28 қазан сағат 10.00-де Корея Республикасы өкілдерінің қатысуымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Агроуниверситет» оқу-тәжірибе шаруашылығы базасында бірегей  «ақылды жылыжайдың» ашылу салтанаты өтеді.

«Ақылды жылыжайдың» ашылу салтанатына ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Корея Республикасы Азық-түлік, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы саясаты департаментінің директоры Ким Джон Ку, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және ҚазҰАЗУ-дың аграрлық ғалымдары қатысады.

«Ақылды жылыжай» жобасының мақсаты – жабық топырақта көкөніс дақылдарын өсіру бойынша «ақылды» инновациялық технологияларды таныстыру және тарату.

Жылыжайдың жалпы ауданы 1 га алып жатыр, өндірістік қуаты жылына 400-450 тонна көкөніс пен жидекке (қызанақ, қияр, құлпынай және т.б.) есептелген. Оқу-тәжірибелік шаруашылықта инновациялық жылыжайды пайдалану ҚазҰАЗУ студенттері, магистранттары мен докторанттарына көкөніс дақылдарын өсіру технологиясын практикада игеруге, жылыжай шаруашылығының «смарт-технологиялары» бойынша ауыл кәсіпкерлері үшін түрлі семинарлар, тренингтер өткізуге мүмкіндік береді.

Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасының АШМ мен Корея Республикасың АШОБШМ арасында демонстрациялық жылыжай құрылысының тұсаукесері, кешен аумағына демо-тур және «ақылды жылыжай» ашу хаттамасына қол қою рәсімі өтеді.

Сондай-ақ, 28 қазан күні сағат 14.00-де ҚазҰАЗУ-дың ахуалдық орталығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен және жас аграр ғалымдармен кездеседі.

БАҚ өкілдерін осы іс-шараға белсенді қатысуға және ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз.

Жиналатын жері 28 қазан сағат 08.00-де ҚазҰАЗУ бас ғимаратының алдында, Абай даңғылы 8, Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысы. Қосымша ақпарат алу үшін 87015596350 телефоны бойынша Табеев Қайым-Мұнарға хабарласуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button