SocialБасты

Қостанайда 29 көпқабатты үй толық жөндеуден өтеді

Қостанай қаласында бірнеше көпқабатты үй жаңғыртудан өтеді. Бұл туралы Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін облыс әкімі Қостанай қаласының бірқатар нысанын аралады. Алдымен, Қобыланды батыр даңғылында болды. Осы жылы мұнда инженерлік және электр желілерін күрделі жөндеу, үй аумақтарын абаттандыру жоспарлануда.

«Алтынсарин көшесі мен Абай даңғылындағы тұрғын үйлердің қасбеттері мен жұмсақ шатырларын жөндеу жұмыстарымен таныстым. 2020 жылы 29 көпқабатты тұрғын үйді жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. №4, 6, 19 орта мектептері мен №27 сәбилер бақшасында болдым. Осы білім беру ұйымдарында 2020 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Коммуникация желілерін, қасбетті, шатырды ауыстырып, мекемелерді абаттандыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу жоспарда бар», – деп жазды аймақ әкімі.

Архимед Мұхамбетов қала басшылығына барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде атқарып, жоба құнының негізсіз қымбаттауына жол бермеуді тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button