ӘлемБасты

Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды

УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде 2021/2022 жылғы маусымдағы Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің бұл кезеңінде 16 команда бақ сынайды.

Еуропа лигасының топтық кезеңінде екінші орын алған 8 команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған 8 командамен кездеседі. Мұнда бір елдің командалары жолықпайды.

Жеребе қорытындысы:

«Севилья» (Испания) – «Динамо» (Загреб, Хорватия);
«Аталанта» (Италия) – «Олимпиакос» (Грекия);
«РБ Лейпциг» (Германия) – «Реал Сосьедад» (Испания);
«Барселона» (Испания) – «Наполи» (Италия);
«Зенит» (Санкт-Петербург, Ресей) – «Бетис» (Испания);
«Боруссия» (Дортмунд, Германия) – «Рейнджерс» (Шотландия);
«Шериф» (Тирасполь, Молдова) – «Брага» (Португалия);
«Порту» (Португалия) – «Лацио» (Рим, Италия).

Айта кетейік, 1/16 финалдың матчтары 17 және 24 ақпанда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button