ӘлемБасты

Әлемде 5 млн астам адам коронавирустан қайтыс болған

Әлемде КВИ-дің 248 млн астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 5 млн астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағының деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің 45-інде сырқаттанудың өсуі байқалады.

Соңғы 14 күнде сырқаттану Венгрияда барынша ұлғайған, онда ауру 230%-дан артық, Польшада – 200%-дан артық, Австрияда – 100%-дан артық, Әзербайжан және Германияда – 80%-дан артық өскен.

Сырқаттанудың өсуі Еуропа ДДСҰ-ның 9 елінде төмендеді, оның ішінде Израильде 57%-ға, Түркияда 9%-ға, Испанияда 7%-ға.

Басқа жаңалықтар

Back to top button