«Қазгидромет» РМК-сы 9-11 қараша аралығындағы ауа-райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Солтүстік-Батыс циклонның әсерінен Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінің басым бөлігінде жауын-шашын болады, елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты нөсер жауын жауады.
Сондай-ақ тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Маусым соңына қарай ауа температурасының біртіндеп төмендуі мүмкін: түнде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 0…10 градусқа дейін аяз, күндіз күн 5 градустан 5 градусқа дейін жылиды, оңтүстік-батыста түнде 2-7 градус аралығында жылы, күндіз 5-10 градус жылы, солтүстікте болса 2 градус аяздан 3 градусқа дейін жылиды.
Республиканың қалған аумағында күн жауын-шашынсыз болады: күндіз ауа температурасы 5-тен 15 градусқа дейін жылиды. Республика бойынша жел 15-23 м/с дейін күшейеді.