EconomyБасты

ҚР ИИДМ вице-министрі Руслан Баймишев Еуроодақ елдерінің Қазақстандағы елшілерімен кездесті

2021 жылғы 20 қазанда Ақтау қаласында «Caspian Ports and Shipping – 2021» Халықаралық конференциясы шеңберінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев Еуроодақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускаспен, сондай-ақ Бельгия, Болгария, Хорватия, Финляндия, Германия, Латвия, Румыния, Испания, Эстония, Нидерланды Елшілерімен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында тараптар көлік саласындағы, соның ішінде кеме жасау, сондай-ақ өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, «Жасыл экономика» салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Елшілер еуропалық компаниялардың осы бағыттар бойынша технологияларды инвестициялауға және алмасуға мүдделі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, еуропалық делегация өкілдері Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдарды дамытуға және оның Еуропа көлік дәліздерімен интеграциялануына қызығушылық білдірді.

Талқылаулардың қорытындысында қатысушылар екіжақты кездесулер барысында одан әрі ынтымақтастық бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге уағдаласты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button