EducationБасты

Атырауда 21 мың оқушы кезекші сыныпқа барады

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Алмагүл Қайырлиеваның мәлім етуінше, жаңа оқу жылында бастауыш сыныптың оқушылары үшін 170 мектепте кезекші сыныптар ашылғалы отыр, деп хабарлайды Jana-kezen.kz 

«Оқушылар 140 кезекші сыныпта оқиды деп жоспарлап отырмыз.  Сыныптағы бала саны 15-тен аспайтын болады. Осыған орай ата-аналар тарапынан 21 мың өтініш  түсті», – дейді Алмагүл Қайырлиева.

Оның айтуынша, кезекші сыныптарда бастауыш сыныптың ғана емес, шағын комплектілі мектептің оқушылары да оқи алады.  Облыстағы  14 шағын комплектілі мектепте  880 оқушы штаттық режимде яғни, бұрынғыша  оқиды деп жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button