Басты

Петропавлда балабақшада коронавирус анықталды

Петропавлда балабақша 14 күнге карантинге жабылды. Балалардың бірінен COVID-19 анықталған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3 жасар баладан COVID-19 анықталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар брифингінде белгілі болды.

«Байланыста болған адамдар анықталды. 23 жақын адам анықталды, бір топтан 18 адамнан анықталды. 13 адам – сол балабақшаның қызметкері. Барлығынан сараптама алынды. Коронавирустың алдын алу мақсатында балабақша қызметі уақытша 14 күнге тоқтатылды», – деді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.

Оның айтуынша, 3 жасар бала коронавирус жұқтырған ересек адаммен байланыста болған. Ер адам 25-30 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысынан басқа аумаққа барған. Қалаға келген сен өзін нашар сезініп, дене қызуы жоғарылаған. Сараптама коронавирус барын көрсеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button