SocialБасты

Қазақстанда биыл 600 шақырымға жуық жол жөнделеді

Қазақстанда жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл еліміздің бес өңірінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 585 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілмек. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Осылайша, Батыс Қазақстан облысында күрделі жөндеумен 248 шақырым жол қамтылған: «Қазталовка-Жәнібек-Ресей шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайқын». Алматы обласында жұмыстар «Алматы – Бішкек» (Алтын Орда) және «Көкпек – Кеген – Қырғызстан шекарасы» автомобиль жолдарында жүргізілуде.

Сондай-ақ, жол саласы қызметкерлері күрделі жөндеуді Қостанай облысындағы «Жезқазған – Петропавл» мен «Ресей шекарасы – (Екатеринбургке) – Алматы» тас жолдарында жүргізуде. Павлодар облысында «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновск» және «Ленин – Ақсу – Көктобе – Курчатов» жол учаскелері жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Бұдан бөлек, биыл Солтүстік Қазақстандағы «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» жолы жөнделмек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button