PoliticsБасты

Мемлекет басшысы «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уали хабарлады.
Оның сөзінше, екпе салдырғаннан кейін Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді», – деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button