Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ә.М. Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы
1. Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 30 шілде
№ 634