«Саммит жылына бір рет өткізіледі. Ал министрліктер саммиті 2-3 желтоқсанда Швецияда өтеді. Мен ол жиын өте кең ауқымда және бетпе-бет жүздесу форматында өтеді деп үміттенемін. Әрине, Қазақстан оған қатысатын болады. Біз қазір осы Саммитте қандай декларация қабылдануы мүмкін екенін қарастырып жатырмыз», – деді Анн Линде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуден кейін өткен брифингіде.