Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамраев атындағы «ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Қарағанды филиалының тәрбиеленушілері әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Курсанттарды осы оқиғамен әскери-техникалық мектептің директоры Ауғанстандағы соғыс ардагері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, запастағы полковник Амангелді Жантасов құттықтады.
Әскери-техникалық мектепте 10 оқу сыныбы бар. Танкодромда тәжірибелік жүргізу бойынша сабақтар өткізіледі. Курсанттар атыс даярлығы дағдыларын «Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу орталығында алады.
Тәрбиеленушілер әскери-техникалық мамандықтардың бірін меңгеріп, кешенді емтихан тапсырды. Ант қабылдау рәсімінен кейін үздік курсанттарға грамоталар берілді, олардың ата-аналарына алғыс хаттар жіберіледі.