Басты
Алматыда қалалық кітапхана жүйесінің 10 бөлімшесі қайта жаңғыртылуда
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада қалалық кітапхана жүйесінің 10 бөлімшесі қайта жаңғыртылып жатқанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, – деп хабарлайды Jana-kezen.kz
«Карантиндік шектеулер алынғаннан кейін Жетісу ауданының оқушыларын Айнабұлақ-4 ықшамауданындағы жаңартылған №24 кітапхана күтеді. Қалалық бюджет есебінен жүргізілген күрделі жөндеуден кейін бұл жер тек кітап қоймасы ғана емес, заманауи даму орталығы іспеттес. Мұндағы кітап қоры шамамен 14 мыңға жетеді. Бүгінде қалада қалалық кітапхана жүйесінің 10 бөлімшесі қайта жаңғыртылуда», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.